Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2017

Тұрақтылық туы астындағы татулық

387 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Таяуда Қарағанды облы­сының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ер­қара Аймағамбетовтің жетекшілігімен Қарағанды облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Оның жұ­мы­сына Қазақстан Респуб­ликасындағы Литва Рес­пуб­ликасы елшілігінің үшін­ші хатшысы Адомас Давалга мырза және Лит­ва Республикасынан келген құрметті қонақтар қатыс­ты. Сонымен қатар, іс-ша­ра­ға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бір­лес­тік жетекшілері мен мемлекеттік мекемелердің бас­шылары келді.

 

Тұрақтылық туы астындағы татулық

Сессияда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан атқарылған қызметтердің ба­ғыт­тары қаралды.

Биылғы алқалы жиын ең қа­сиет­ті құндылығымыз – Тәуел­сіз­діктің 26 жылдығы қарсаңында өткенінің өзі шара маңызын арттырып тұрды.
Айтулы іс-шараны кеңес төр­аға­сы Ерқара Аймағамбетов ашты.

– Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақ­стандық моделінің ядросы ре­тін­де рөлі мен мәртебесінің конс­­­­титуциялық және заң­на­ма­­лық деңгейде артуы ұлт­тық сая­­саттың басты бағыт­тары мен­ құндылықтары бо­йын­­ша­ қо­ғамдық келісімді қалып­тасты­ру­ға мүмкіндік берді, – деп атап өт­ті ол.

Сессияда «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы туралы ереже­нің» негізінде этномәдени бірлес­тіктердің атынан облыстық Ас­сам­блея төрағасының орынбасары болып Қазақстан халқы Ассам­блеясы Кеңесінің мүшесі, облыстық «Полония» этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Альбертович Хмелевский таға­йын­далды.

Жиында Жезқазған бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры, ақын З.Чумакова, «100­ жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.Тосқанбаев, Литва Республикасының «Штур­ва­­лас» көлік және логистика ком­паниясының директоры­ П.Ва­ра­­симавичюс, Сәтбаев қаласын­дағы «Дуслык» татар-баш­құрт этно­мәдени орталығы» қоғам­дық­ бірлестігінің төрайымы Р.Абузя­рова, Президенттік «Бо­ла­шақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы мемлекеттік және жергілікті басқару Эксете­ра университетінің магистрі А.Дауленбаев, Қарағанды мем­лекеттік медицина универ­сите­тінің студенті В.Литвинов өз пі­кір­лерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының XX сессиясы­ның соңында салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. 

Кеңес төрағасы Ерқара Айма­ғам­бетов халықтың бірлігіне, мәдениетаралық диалогты да­мы­туға және қазақстандық патрио­тизмді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін табыстады. Оған «Шэмэш» еврей орталығының басшысы И.Кожановская және «LITUANICA» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы В.Тварио­нас ие болды. Сонымен қатар елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қос­қаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты Е.Бөке­тов атындағы Қарағанды мемлекет­тік университетінің философия және мәдениет теориясы кафе­драсының профессоры Б.Карип­баевқа, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры С.Жумкинаға, Қали Байжанов атындағы «Мерей» ансамблінің солисі Л.Пропищанға табыс етілді.

Ал облыстың қоғамдық-саяси өмі­рі­не белсенді қатысқаны үшін және жеке еңбек үлесі үшін Қарағанды облысы­ әкі­мінің Құрмет грамотасы «100 жа­ңа есім» ұлттық жобасы­ның жеңімпаздарына, яғни Қа­­рағанды мемлекеттік медицина университетінің профес­соры, жоғары санатты хирург­ Н.Абатовқа, Қарағанды мем­ле­кет­тік­ медицина уни­вер­ситетінің профессоры, медици­на ғылымдарының докторы Р.Әлімхановаға, Қа­ра­ғанды қа­ласы ІІБ Жаңа-Май­құдұқ полиция бөлімінің учаскелік инс­пекторы, полиция майоры Д.Алтаевқа, «NOMAD MMA» аралас жекпе-жегі ұлт­тық стилінің негізін қалау­шы С.Анға және жас кәсіп­кер А.Тос­қанбаевқа табысталды.

Сонымен қатар, ол марапат Е.Бөке­тов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Заң факультетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі М.Жасқайратқа, «Вайнах» чешен-ингуш этномә­дени бірлестігі» қоғамдық бір­лес­тігі төрағасының орынбаса­ры А.Заурбековке, «Строй с нами» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің директоры А.Цой­­ға, Қарағанды облыстық Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі К.Төлеуха­нова­ға берілді.

Сессияның қорытындысы бо­йын­ша аймақтағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, жиынға Алаш­ораданың соңғы өкілі Әлімхан Ермековтің немересі, белгілі ғалым, математик Олег Ермеков қатысып, сессия делегаттарына бизнес жайында өрелі әңгіме өрбітті. Тектінің тұяғы бүгінде кәсіпкер, «Mариади Групп» ком­па­ниясының басшысы болып табылады.