21 Желтоқсан, 2017

Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау облысының Мақат ауда­нында саябақ ашылды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау облысының Мақат ауда­нында саябақ ашылды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Атырау облысының Мақат ауда­нында саябақ ашылды

Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында жергілікті мұнай компаниясы Доссор кен­тіне демалыс орынын сыйға тарт­ты. Жоба құны – 72 млн тең­ге. Компания өкілі Рашид Ота­ров: «Доссор кенті еліміздегі мұнай саласы тарихының бас­тауы болғандықтан, біз игі іс­тен шет қалмадық. Жергілікті тұр­ғындар демалатын орын болма­ған­дықтан, осындай саябақ са­лып, барлық ережелерге сай абат­тандыруды жөн көрдік»,  дейді.

Қазір аймақта «Рухани жаң­­ғыру» бағдарламасы аясын­да 108 жоба жүзеге асуда. Бұған қо­сымша жобалар мен іс-шаралар да бар. Оның ішінде құны 4 млрд 360 млн теңге болатын 18 жобаны жергілікті демеушілер қаржыландырған. 

Тәуелсіздік күні облыс орта­лығында, сондай-ақ барлық аудан­дар мен ауылдарда аталып өтті. Атырау қаласы маңындағы Гео­лог поселкесінде 165 орын­дық «Нұрәлем» бөбекжай-бала­бақшасы, Қайыршақты ауыл­дық округі Томарлы елді мекенінде жа­ңа жеңіл атлетикалық және футбол стадионы пайдалануға берілді. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ