Бұл фильмдер өзінің жаңашылдығымен, тың идеясымен облысқа ғана емес, бүкіл Республикамыздың кино және анимация саласының дамуына жаңа серпін берері анық.
- «Сақ» киностудиясына 16 жыл толды. Осы уақытқа дейін 50-ден астам анимациялық фильмдер жасадық. 4-5 толықметражды көркем фильмдер, 2 сериялдар түсірдік. Оның бірі – «Томпақ», екіншісі – «Қалқанқұлақ». Қазір 1 сериясының өзі 1 аптаның ішінде 2 млн.-ға жуық қаралым жинаған. Бұл – біз үшін үлкен көрсеткіш. Осындай рейтингке жетіп отырмыз,-дейді «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.