Ал, Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Елубай Әбілов денсаулығына байланысты өз еркімен лауазымын босатты.
Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы 1964 жылы Маңғыстау облысы, Таушық ауылында туылған. 1988 жылы өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша Алматы қаласының құрылыс техникумын тәмамдаған. 2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Казақ Көлік және коммуникация академиясы, біліктілігі - инженер-құрылысшы.Еңбек жолын 1981 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе селосында Маңғыстау тұрғын-ұй пайдалану басқармасының жұмысшысы болып бастаған.
2001-2002 жылдары Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының директорының орынбасары, 2002-2004 жылдары Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы, 2005-2006 жылдары жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып қызмет еткен ол 2006-2009 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009 жылдың шілде айынан бастап Қарақия ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы