Заң жобасы мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі реформалау қажеттігін ескере отырып, бірқатар өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, аудитке халықаралық стандарттарды енгізу және тиісті қызмет салаларының кадрлар құрамын жақсарту үшін мемлекеттік аудитордың «ассистенті» (көмекшісі) ұғымы енгізіледі.
Түзетулер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің жыл сайынғы аудитін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде өткізуді; сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудитті өткізу қағидаларын бекітуді көздейді.
Заң жобасы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезінде туындайтын дауларды аппеляциялық түрде реттеу тәртібі бекітілген.
Жобаға сәйкес ішкі аудит қызметтерінің бюджеттік процестің тиімділігіне аудит жүргізеді. Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиядағы өкілдердің сандық құрамы айқындалады.
Одан басқа, мемлекеттік аудиторлардың этикалық ережелер мен кәсіби стандарттарды сақтамағаны үшін жауапкершілігін күшейтілді, Ұлттық комиссияға мемлекеттік аудитор сертификатын кері қайтарып алу құқығын беріледі, мемлекеттік аудиторларға жазалау шарасы ретінде ескерту жасау қолданылады. Мемлекеттік аудитор болуға үміткерлер үшін жұмыс істеп жүрген үш мемлекеттік аудитордан мінсіз және іскерлік беделін растайтын ұсынымдар беру туралы талаптар енгізіледі.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.