Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017

«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысында «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласы мен өңірдегі барлық 14 ауданда азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Орталық жалпы ашылған сәтінен бастап 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен. Бүгін бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен

Айта кетерлігі, орталық 4 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Олар: консалтинг бөлімі, бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ рұқсат құжаттарын рәсімдеу мен кәсіпкерлік мектебі.

2017 жылдың 11 айында қызмет алуға орталыққа жалпы 15 мыңға жуық өтініш түскен, олардың 12 мыңнан астамы шағын және орта бизнес өкілдерінен болса, қалған 2212-і жеке тұлғалардың өтініші.

«Консалтинг бағытында мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайлы және қаржы институттарының қаржыландыру шарттары бойынша 800-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып отыр. Ал бизнес-жоспарды әзірлеу және сүйемелдеу аясында 1014 жоба жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Сонымен қатар, 1,6 млрд. теңгені құрайтын 39 жоба қаржылай емес мемлекеттік қолдауға  қол жеткізді», - деді Ғани Әріпұлы.

Оның айтуынша, жалпы бизнес жоспар әзірлеудің бекітілген жылдық индикаторы 800 болса, 11 айда 1 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

Ағымдағы жылдың осы уақытына дейін қаржыландыру шарттарын түсіндіру аясында 285 кәсіпкердің қатысуымен 16 кездесу ұйымдастырылыпты. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен ынталы тұлғалар орталықта кеңестерді тегін «бір терезе» қағидасы бойынша алып келеді.