Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017

Әкім фототілшіге пәтер сыйлады

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басылым беттерінде насихаттап жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында өңір басшысы журналистерге өз атынан алғыс білдіріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Әкім фототілшіге пәтер сыйлады

Осы орайда әкім Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі, 16 жыл бойы осы салада қызмет атқарып келе жатқан 4 қыздың әкесі Алтынбек Қартабайға 3 бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. Сонымен қатар, өңірдің тыныс-тіршілігін көрсету, оны оқырманға жеткізу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан журналистер конкурсының бар екенін айта келіп, аталған конкурстың биылғы жүлдегерлерін марапаттады.   

Бүгінгі таңда облыста 55 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Өткен жылы өңірде ақпараттық саясатқа 566,9 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 630 миллион теңгеге жеткен.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы