Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017

Оңтүстікте балаларға арналған Президенттік шырша өтті

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. 

Оңтүстікте балаларға арналған Президенттік шырша өтті

Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Асқақ ордам - Астана»  атауымен шырағын жаққан жасыл шырша жанында халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға қыстық жылы киімдер мен ноутбук үлестірді.

«Сіздер, бүгін Президенттік Жаңа жылдық шыршасына қатысып отырсыздар!  Бұл - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жарқын болашағы – Сіздерге деген үлкен құрметі. Жаңа жыл – барша қазақстандықтарға және көптеген мемлекеттер үшін де ерекше ықылас, зор үмітпен келер жылдан жақсылық күтетін мереке. Бүгінгі мереке мен сыйлықтар сендерге естен кетпейтін, ерекше жарқын күн сыйласын. Мен сендерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!»,-деді әкім.

2017 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында 1 маусым күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі тұңғыш рет өткізіліп, республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты шығармашылық кино фестивалі Оңтүстік өңірде бірінші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде облыстың командасы ІІ жүлделі орынды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадада Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 40 оқушының 16-ы жүлдегер атанса, қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қатысқан 35 оқушының 14-і жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, Президенттік олимпиадаға облыстан   қатысқан 8 оқушының 4-еуі үздік шықты. Қорыта айтқанда, жалпы халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарға біздің облыстан қатысқан 6673 оқушы жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше