Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017

Таразда Президенттік шырша өтті

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Асқақ ордам – Астана!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңажылдық шырша өтті.

Таразда Президенттік шырша өтті

Елбасы шыршасына 9 және 13 жас аралығындағы 200 бала қатысып, мерекелік кештің куәсі болды. Оның ішіндегі 55 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар болса, 43 бала көпбалалы отбасынан және 98 бала аз қамтылған отбасылар қатарынан.

Шараға Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, бүлдіршіндерді жаңажылдық мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, шыршаға қатысқан әрбір балаға Қазақстан Республикасының Президенті атынан 87 мың теңге көлемінде қысқы күртеше, спорттық киімдер, жылы бас киім, спорттық аяқ киімдер мен жұмсақ ойыншықтар берілді. Шыршаға қатысушы балалар мерекеге орай ән салып, өз өнерлерін ортаға салды.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы