Әлем • 22 Желтоқсан, 2017

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Парламент палаталарына Жолдау арнады

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев алғаш рет Олий Мәжілісіне Жолдау арнады. Өзбекстан тарихындағы Президенттің алғашқы Жолдауы 4 сағатқа созылды, деп хабарлады gazeta.uz Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Парламент палаталарына Жолдау арнады

Басылымның хабарлауынша, Жолдауда Өзбекстан Президенті Халықпен диалог және адам мүддесі жылы ретінде бекітілген 2017 жылды қорытындылап, мемлекет дамуының болашақтағы алғышарттарын атаған. Сонымен қатар Президент Шавкат Мирзиеевтің ұсынысымен 2018 жыл Белсенді кәсіпкерлікті, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдау жылы болып бекітілген. Президент өз сөзінде жылды бекіткенде оның атауына емес, нәтижесіне баса назар аудару керек екенін айтты.

Өзбекстандық БАҚ-тардың жазуынша, Өзбекстан Президенті мемлекетте Журналистика және бұқаралық коммуникация университетін құру қажеттілігі туралы айтқан. "Бүгінде республикамызда 1500 БАҚ бар. Олардың барлығына жоғары білікті мамандар қажет. Өкінішке қарай, Өзбекстанда осы саладағы проблемаларды орталықтандырылған тәртіппен шешетін жоғары оқу орны жоқ", деді Шавкат Мирзиеев. 

Айта кету керек, іс-шараға Сенат мүшелері мен Заң шығарушы палата депутаттарымен қатар барлық атқарушы және шаруашылық билік өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, шет елдердің елшілері қатысқан.