Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017

ОҚО-да энергетика саласында 59 нысанның құрылысы жүргізілуде

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Ж. Түймебаев Энергетиктер күні мерекесі орай «KEGOK» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалында орналасқан өңірлік  диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысты. 

ОҚО-да энергетика саласында 59 нысанның құрылысы жүргізілуде

Аталған кәсіпорынның құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр.  «Кегок» Акционерлік қоғамы ел өмірінде шешуші рөлге ие құрылымдардың бірі. Компания өзі құрылған 20 жылдың ішінде еліміздегі электр торабын тұтастай дерлік жаңғыртты.  Жоғары кернеулі осынау желілер Қазақстанның біріңғай электр жүйесіне қызмет етіп, миллиондаған тұрғындарға, әлеуметтік нысандар мен зауыттарға электр қуатын жеткізіп отыр. Осы желілердің ішінде стратегиялық маңызға ие жобалардың бірі – «Солтүстік – Оңтүстік» электр желісі. Ұжым қызметкерлерімен кездескен өңір басшысы сала мамандарын мерекемен құттықтап, өңірлік диспетчерлік орталықтың жұмысына сәтілік тіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасымыз  бекіткен «Жасыл экономикаға көшу» концепциясы нәтижелі орындалуда. Аталған концепцияға сай биылғы жылы Сайрам, Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Орта Азияда теңдесі жоқ биогаз қондырғысы кешені іске қосылды.  Бұдан бөлек, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында екі ірі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары бастау алды. 

2018 жылы  Төлеби ауданында қуаты 2,5 мегаватт шағын су электр станциясы  пайдалануға беріледі.  Одан бөлек, Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 мегаватт шағын су электр станциясы мен  Отырар ауданында қуаты 35 мегаватт күн электр станциясының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік,  2017-2021 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін сапалы электр энергиямен қамтудың кешенді іс-шара жоспары әзірленген болатын.  Осы жоспарға  сәйкес 2021 жылға дейін өңіріміздегі 361 мың 990 тұрғыны бар 198 елді мекенді сапалы электр энергиясымен  қамту көзделген. Сонымен қатар,  14 ірі қосалқы станциялардың құрылысын жүргізу ісі қолға алынған болатын.   Осы бағыттарға 2017 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 15,1 млрд. теңге бөлініп, 59 нысанның (101 елді мекендерде) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен Сарыағаш ауданындағы 15 жобаға Ұлттық қордан 2 320,3 млн. теңге бөлінген.  Биылғы  жылы  47 нысанның  құрылысы аяқталса, 12 нысанның   құрылысы  2018 жылы аяқталады деп күтілуде.  Аталған жобалар толық жүзеге асқанда 85 елді мекендегі 87 мыңнан астам тұрғын  сапалы электр энергиямен қамтылатын болады.  

2018 жылы жобасы дайындалған жалпы құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын 110 киловольттық "Алатау" және "Ақжар" қосалқы станцияның  құрылысын мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік аясында жүзеге асыру  жоспарлануда.