khabar.org
«25-26 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келмек. Сапар аясында шағын жүздесу және кеңейтілген құрамдағы кездесулер жоспарланған. Екі елдің басшылары екіжақты әріптестік пен ЕАЭО аясындағы әріптестіктің мәселелерін талқыламақ», делінген Айзада Субакожоеваның хабарламасында.
Еске сала кетейік, екі ел басшысы 30 қарашада Минскіде кездескен болатын. Кездесу нәтижесінде екі елдің үкіметтері арасында сауда-экономикалық әріптестік бойынша және кедендік басқару, салықтық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша «жол картасына» қол қойылды.