Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2017

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі. 

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа төраға  - Ахметжан Есімовті таныстырды.  

Премьер-министр Ахметжан Есімовтің ел алдындағы және күрделі мемлекеттік тапсырмаларды орындаудағы жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін атап өтті. Сондай-ақ қор алдында трансформация бағдарламасын дамыту сияқты жоғары міндеттер тұрғанына да тоқталып өтті.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.  «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы 1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 1996 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 1996 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2001 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі. 

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы (2008 жылдан). 2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы қызметін атқарды. «Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.