Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2017

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің қатары жастарымен толықты

1123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің қатары Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастарымен толықты.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің қатары жастарымен толықты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы еліміз Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған барлық мақсат, жобаларын орындауға атсалысып, мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін абыроймен қызмет атқарып келеді. Халқымыздың тыныштығын сақтауға атсалысумен қатар, Ұлттық Ұлан өскелең жастарды да Отанды құрметтеуге, туған жер мен ел үшін қас-қағым сәтті дайын болуға үйретіп, әскери дайындық, оқу-жаттығу жұмыстарын да жүргізуден бір сәтке қол үзген емес.

- 5518 әскери бөліміне шақырылған 233 жас сарбаздың дені Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген жастар екен,-деді ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының, баспасөзбен байланыс қызметінің бастығы  Бағдат Амангелді,-Отан алдындағы әскери борышымызды адалдықпен атқарамыз, елімізге еңбек етеміз, десті жас сарбаздар ант беру сәтінде.

Салтанатты жиынға жиналған ата-аналар, ұстаздар, әскери қызметкерлер жаңа буын жас өкілдерге сәт-сапар тіледі.

Раушан Нұғманбекова

Семей қаласы