Жеңіл атлетика • 24 Желтоқсан, 2017

«Astana Winter Marathon-2017»: 10 шақырымның жеңімпаздары анықталды

569 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін  Астана қаласындағы триатлон саябағында «Astana Winter Marathon-2017» марафоны өтті.

«Astana Winter Marathon-2017»: 10 шақырымның жеңімпаздары анықталды

Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, алғашында 300 адам жүгіреді деп жоспарлаған екен. Алайда тілек білдірушілердің саны бұдан көп болған. Бүгін триатлон саябағында 400 адам ауарайының қолайсыздығына қарамастан жүгіріп шықты. Олардың ішінде 270 адам 10 шақырымды таңдаған. Жартылай марафонға 144 адам жүгірсе, қалғаны толық марафонда (42 шақырым195 метр) бақтарын сынады, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Триатлон саябақтың айналма жолы 2,3 шақырым. Жол бойында марафоншыларды ұйымдастырушылар су, ыстық тағаммен қамтамасыз етіп отырды. Сондай-ақ медициналық пункт, биодәретхана жұмыс істеп тұрды.

Алдымен мәреге 10 шақырымға жүгірушілер жетті.

24 желтоқсан.«Astana Winter Marathon-2017».

Әйелдер, жалпы командалық есеп

1. Әсем Меркажанова – 39.29.4

2. Аида Тілеуберлина – 40.55.0

3. Жанна Иссина – 40.56.2

Әйелдер (18-34 жас)

1. Асем Меркажанова - 39.29.4

2. Аида Тлеуберлина – 40.55.0+

3. Айдана Оспанова – 41.24.3

Әйелдер (35-44 жас)

1. Жанна Иссина – 40.56.2

2. Маржан Әбілдина – 41.28.9

3. Әсия Дәулетханова – 42.05.8

Әйелдер (45 жастан жоғары)

1. Дария Баймухамбетова – 43.03.1

2. Анар Рахымбаева – 49.37.6

Ерлер, жалпы командалық есеп

 

1. Арман Галымов – 36.30.0

2. Гиса Пашир – 37.04.6

3. Валерий Долгошей – 37.05.7

Ерлер (18-34 жас)

1. Арман Ғалымов – 36.30.0

2. Гиса Пашир – 37.04.6

3. Валерий Долгошей – 37.05.7

Ерлер (35-44 жас)

1. Айдар Гарипов 38.51.9

2. Асқар Тасқынбаев – 40.13.5

3.Әсет Асаубаев – 40.11.2

Ерлер (45 жастан жоғары)

1. Мәжит Серіков – 37.46.5

2. Сембек Есімсейітов – 38.56.8

3. Дамир Кәрім – 48.58.9