Нәтижесінде 10 шақырымда Арман Ғалымов пен Әсем Меркажанова жеңімпаз атанса, 21 шақырымда Павел Брода және Әсел Құспанова қара үзді. Ал ең ұзақ 42 шақырымда тек ер азаматтар ғана жарысты. Бұл қашықтықта Асқар Жаңабергенов бірінші болып мәре сызығын кесіп, нағыз желаяқ, ұзақ жолдың жүйрігі екенін дәлелдеді.
Марафонға қатысушылардың барлығына арнайы медальдар табысталды. Ал жүлделі орынға ие болғандарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Бұдан бөлек, әр қашықтықта үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, ең жас желаяқ бар болғаны 9 жаста болса, ең егдесі – 70-ті желкелеген желаяқ.
«Қатысушылардың арасында үкімет пен бизнес өкілдері де көп болды.