Малды ауыл маңыраған жанға жақын,
У-шуы басталады таңға жақын.
Қотанда қозы-лақпен бірге өсетін.
Баласы қазағымның малға жақын.
Қозысы кепе болар, марқа болар,
Марқамен бала арқа-жарқа болар.
Баланың бір бақыты сол емес пе,
Құшақтап қошақанын арқаланар!...
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»