Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

Қалай ойлайсыз?..

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қалай ойлайсыз?..

Алып қаланың аспанын діріл­де­тіп от атып жатыр, шоқ шашып жа­тыр адамдар.

 Фейерверк!..

Онсыз да өңі қашып, боп-боз болып, қалш-қалш еткен түннің үрейін ұшырып, мынау қаладан мүлде аулаққа қуып тастағысы келетін сияқты. Анау оттың айналасындағы сайқымазақ топ у-шу, мәз-мейрам, дауыстары көкке жеткенше шыңғырады. Тамақтары жыртылғанша айғайлайды.

Бұл не?

Аспанға қарап от атуды айтам...

Жақсы ма, жаман ба?

Дұрыс па, бұрыс па?

Бұл олардың Жаратушы иемізге көрсетіп жатқан сесі емес пе екен-ай, осы?..

Әлде ана-а-ау, шетсіз-шексіз ғарышқа қа­рап: «Е-е-ей, біз мұндамыз! Монданақтай жер бе­тін­де өмір сүріп жатырмыз!», дегісі кел­ге­н­де­рі ме...

Қалай ойлайсыз?..

 

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»