Жазғы спорт • 25 Желтоқсан, 2017

Атырау облысының спортшылары жеңімпаздар шыршасын медальмен безендірді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы спортшыларының дәстүрлі балында жаңа жылдық challenge өтіп, 300-ден астам адам қатысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының спортшылары жеңімпаздар шыршасын медальмен безендірді

Биіктігі 2 метр жеңімпаздар шыршасын облыс спортшылары 2017 жылы жеңіп алған 1000 медалімен безендірді. Медальдардың көбі спорттың əр түрінен өткен чемпионаттарда, соның ішінде параолимпиадада да жүлделі орындарға берілген.

Шыршаны жасақтаған атыраулық спортшылар эстафетаны Қазақстанның басқа облыстарындағы спортшыларға табыстады.

- Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңа жылдық challenge спортты насихаттауға жəне əріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған,- дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, - Біз Қазақстанның барлық спортшылары бастамамызды қолдап, биыл қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді деген сенімдеміз.

Спортшылар балында "Үздік спорт федерациясы", "Үздік спортшы", "Үздік топ", "Үздік спорт жобасы" секілді 15 аталым бойынша жүлдегерлер марапатталды.