«Өзбекстан – халқы жағынан да, экономикасы жағынан да Орталық Азиядағы үлкен мемлекет. Бұл елмен байланыс Қазақстан үшін өте тиімді, қажет. Қазір қарым-қатынасымыз түзеліп келе жатыр. Бір жылдың ішінде сауда-саттық екі есеге – бір млрд-тан 2 млрд-қа өсетін болды. Біз Өзбекстанның жаңа Празиденті Мирзиёев мырзаменен 5 млрд-қа жеткіземіз деп келістік. Қазір Қостанайда біріккен электр двигательмен қозғалатын автомобил шығарып жатырмыз. Ташкентке пойыз, автобус жүретін болды. Ұшақтар ұша бастады. Айналып өтетін жолдардың барлығы ашылды. Екі арадағы сауда-саттық, халықтың байланысы қаулап, өзгеріп келе жатыр. Біз қолдаймыз», деді Президент.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ежелден келе жатқан мәдени қарым-қатынастың да дами түсуі үшін келесі жылы Қазақстанда Өзбекстанның күндері өтетінін де атап өтті.
«Бұрынғы бар қарым-қатынастың зиялы қауымның, жастардың арасында болуы үшін келесі жылы Өзбекстанның күндері өтеді. Одан арғы жылы Өзбекстандағы Қазақстанның күндері болады. Бұл көрші мемлекеттердің арасындағы дұрыс, тиімді, керек қарым-қатынас деп санау керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев.