Президент • 25 Желтоқсан, 2017

Президент билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу ісіне қатысты пікір білдірді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу ісіне қатысты пікір білдірді. 

Президент билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу ісіне қатысты пікір білдірді

«Билік тармақтарын бөлу ісінде айтарлықтай ілгері жылжыдық деп есептеймін. Заң бойынша Президентке қарасты 35 өкілеттік Парламент пен Үкіметке берілді. Осындайда Президенттің болғаны жақсы бүкіл істі мойнына арта салуға болады. Егер бірнәрсе болмай қалса, ұсыныс жасаудың орнына рұқсат сұрап, «Президент айтты» дей салуға болады», деді Елбасы.

«Совет үкіметі кезінде Мәскеу біздің «қорғанышымыз» болатын. Ол кезде де бірнәрсе жетпей жатса, барып, сұрап, келісуге болады. Сондықтан Үкіметке нақты істерге байланысты өкілеттік пен жауапкершілікті көбірек беру керек. Парламенттің құқығын арттыруымыз қажет», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы күмән ылғи да болатынын, бірақ осының арқасында мәселенің шешімін табуға болатынын айтты.

«Біздің заңдарымыз, соның ішінде негізгілері тұрақты болып қала бермейді. Уақыт өте келе, заманның ағымына байланысты ол өзгеріп отыруы тиіс. Мұндай өзгеріс осыған дейін де болған. Себебі, уақыт соны талап етеді. Алға қарай жылжуымыз, дамуымыз керек. Халқымызға қажет тұсын анықтап, сол бағытпен келеміз. Ең бастысы Қазақстан халқының көңілінен шықса болғаны», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойған болатын. Конституцияның 19 бабына 26 түзетулер қарастырылған.