Парламент • 26 Желтоқсан, 2017

Сенаттың жылдық жұмысы қорытындыланды

251 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сенат Бюросының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады. Төраға депутаттардың заң шығару жұмыстарына оң баға беріп, қоғамда зор ықылас туғызған парламенттік тыңдаулар, дөңгелек үстелдер мен кездесулердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сенаттың жылдық жұмысы қорытындыланды

Сенат Төрағасы Мемлекет бас­шы­сының ІІІ сессияның ашылуында айт­қан тапсырмаларын депутаттардың орын­дағанын және біздің еліміз үшін аса маңызды кодекстер мен заңдар қабыл­данғанын айтты. Олардың қатарында Са­лық, Кеден және Жер қойнауы кодекс­тері, үш жылдық бюджет, құқық қор­ғау қызметінің процестік негіздерін жаң­ғырту, ақпарат және коммуникация­лар туралы заңдар бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзе­тулердің топтамасы енгізілді.

Қ.Тоқаев сенаторларды қабылданған заңнамалық актілердің мазмұны туралы жұртшылықты хабардар ету үшін 2018 жылғы қаңтардың басына белгіленген ел аймақтарындағы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.

Бюрода Сенаттың 2018 жылға ар­нал­ған Негізгі шаралар жоспары бекі­тілді. Депутаттар алдағы жылы Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қа­зақ­стан халқына Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұ­мыстарын жалғастыратын болады. Се­натта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін іске асыру барысына, Қазақстан экономикасын да­мытудағы банк секторының рөліне, «Ци­фрлы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масының орындалуына, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің процестік негіз­дерін жаңғырту тақырыбына арнал­ған парламенттік тыңдаулар ұйымдас­ты­рылады.

Палатада заң шығару процесін же­тіл­діру мәселелері туралы, 2017 жылғы 22 қыркүйекте өткен орта білім беру жүйе­сінің проблемаларына арналған парла­менттік тыңдаулар ұсынымдарын іске асыру нәтижелері бойынша, еліміз­дің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырым­дамасының орындалуы туралы үкіметтік сағат отырыстарын өткізу жоспарланды.

2018 жылы Сенат комитеттері елі­міздің әр аймағында 15 көшпелі отырыс өткізетін болды. Одан басқа, заңнаманы же­тілдіру, мемлекеттік және жекелеген сала­ларды дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша депу­тат­тардың мемлекеттік органдар мен бас­қа да ұйымдардың басшыларымен 15 кез­десуі және 13 дөңгелек үстел өткізу жоспарға еніп отыр.

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту Сенат қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Депутаттар ха­лық­аралық парламентаралық құры-
лым­дардың және шет мем­ле­кет­тердің заң шығару органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс топтарындағы жұмыстарға қатысады.

Палатаның халықаралық қызметі сенаторлардың 2018 жылғы қазан айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуымен көрініс табады.

Сенат Бюросы 2017 жылғы 28 желтоқ­­санға белгіленген палата отырысының күн тәртібіне Түрікменстанмен стра­тегиялық әріптестік туралы шартты, Қа­зақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді, Қазақстан мен Ирландия арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы үкіметаралық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобаларын енгізу ұсынылды. Отырыста, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы», «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң жобалары мен бірқатар заңдарға ілеспе түзетулер, сон­дай-ақ «Мемлекеттік аудит және қар­жы­лық бақылау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Әзербайжанмен халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Ирландиямен және Үндістанмен табыс­қа салынатын салықтарға қатысты қо­сарланған салық салуды болдырмау туралы екіжақты келісімдерді ратификация­лау туралы заң жобалары Қаржы және бюджет комитетіне тапсырылды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»