Отырыста ОСК мүшесі, Конституциялық соттың бұрынғы судьясы Борис Эбзеев Ішкі істер министрлігінің ақпаратын оқып, Алексей Навальныйдың он жыл бойы кандидат ретінде тіркеле алмайтынын айтты.
Бұған дейін Алексей Навальный Конституцияда қамауда болған адам ғана сайлауға түсе алмайтынын, өзінің шартты түрде сотталғанын айтқан болатын. Ал Эбзеев "Біздің алдымызда кандидат ретінде тіркеу немесе тіркемеу туралы ешқандай диллема жоқ. Біз Конституция негізінде осылай істеуге мәжбүрміз", деді. ОСК тағы бір мүшесі Элла Памфилова Навальныйдың басқа құжаттарының барлығы дұрыс екенін айтты.
"Сіздерге қарасам, өмір мереке сияқты. Сайлауға қатысуға құқығы бар адамдар келіп, дауыс береді. Бірақ олардың саяси белсенділігі жоқ. Кейбір кандидаттар дауыс жинауға тырыспайды. Ал кейбірі сайлау қорытындысын алдын ала біліп отырады. Мен көптеген сайлаушылардың атынан келіп тұрмын. Бұл шешім - миллиондаған адамдарды сайлауға қатыстырмайды деген сөз", деді А.Навальный.
А.Навальныйдың кандидатурасын тіркеуге ОСК-ның 12 мүшесі қарсы шықты.