Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түсті.
Қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады.
Конкурсты Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Astana Bank және Standart Life-пен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бас жүлде – 1 миллион теңге және танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіру мүмкіндігі, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.