Осындағы мамандардың айтуларынша, бірқазан бұйра және қызғылт деп екі топқа бөлінетін көрінеді. Алғашқы топқа жататын құсты Есіл ауданының бір тұрғыны көшеден тауып алыпты. Асырай алмасын сезгеннен кейін жергілікті ботаникалық баққа тапсырыпты. Бұл жаққа қалай ұшып келгені белгісіз.
«Қызыл кітапқа» енген айрықша әдемі бірқазанның қазір қарны тоқ, уайымы жоқ десе де болады. Ұзындығы бір метр, салмағы 15 келі тартатын құстың тамағын еріктілер мен жекелеген адамдар қамтамасыз етіп отыр. Күннен- күнге өсіп, жетіліп келеді.
Негізінен субтропиктік аймақтарды қыстайтын құстың теріскей өңірге келуі өте сирек құбылыс, дейді табиғат қорғаушылар.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы