12 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №173

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы, өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін мыналарға: «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін: Двуреченский Валентин Иванович – «Заречное» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қостанай ауданы Кенжебаев Әділхан Айтқазынұлы – «Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы Молдабеков Руслан Жұмабекұлы – «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 11 қараша.   №173