Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017

Д.Назарбаева Франция Елшісімен кездесті

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Француз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ф.Мартинэмен кездесті.

Д.Назарбаева Франция Елшісімен кездесті

Әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі талқыланды. Қазақстан Сенатындағы Франциямен ынтымақтастық жөніндегі топтың жетекшісі Д.Назарбаева: «Парламенттік делегациялар алмасу тәжірибесін жалғастыру, біздің елдеріміздің заң шығару органдарындағы салалық комитеттер мен аппараттарының деңгейінде байланыстар орнату парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа қарқын береді деп ойлаймын», - деді.