Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитетіндегі отырысында белгілі болды. Жиында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, төрт өңірдегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің төрағалары сайланды. Ішкі кадрлық ауыс-түйіс барысында Ерлан Сайыров федерация төрағасының орынбасары қызметіне сайланғаны белгілі болды.
Ерлан Биахметұлы Саиров 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Түрлі жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде басшылық лауазымдарды атқарған. «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі болған.