Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы жазбада: «Тараз қаласының әуежайы 27 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 05:00-де қолайсыз ауа райына байланысты уақытша жабылды.
Қазіргі кезде әуежайда желдің жылдамдығы секундына 25 метрге, екпіні 28-30 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ ұшу-қону жолағына 5 мм мұз қатқан. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ішкі рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды», - делінген. Жолаушыларға әуе компанияларына телефон соғып, өз рейстерін алдын ала анықтап алу жөнінде кеңес берілді.