Станцияда барлығы жанармайы, газ және дизельдік отыны бар 16 бағана орнатылған. Олардың төртеуі электр карларды қуаттауға арналған.
«Жаңа жанармай құю станциясының клиенттері электр мобильдерді қуаттай алады. Қуаттау уақыты 40-тан 60 минутқа дейін жалғасады», - «Аstana ӘКК ҰК» АҚ-ның инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары Артем Квашук.
Елордадағы жаңа жанармай станцияларының құрылысы «Аstana ӘКК ҰК» АҚ мен «Autogas Retail» ЖШС арасындағы бірлескен жобаның аясында жүргізіліп жатыр.
«Жоба жаңа форматтағы жанармай құю станциялары кешенін салуды қарастырады. Мұндай станциялар көптеген қызметтерді көрсетеді. Клиенттер бұл жерде, сондай-ақ, өздерінің электр мобильдерін де қуаттай алады», - деді А. Квашук.
Сонымен қатар, жанармай құю станциясы бірнеше күн панелінің есебінен жарықтандырылады.
«Мұндағы қуат көздерін тұтыну энергия үнемдеуші шамдардың есебінен тиімді болмақ», - деп атап өтті ол.
Жаңа жанармай құю кешені - бірлескен жоба аясында ашылған алғашқы станция. Келесі жылдың қаңтарында осындай екі станция жұмысын бастайтын болады.