Аса құрметті оқырман!

Міне, біз бүгін қасиетті қазақ елінің абыройын асқақтатып, мерейін асырған Тәуелсіздік дәуірінің тарихи оқиғаларға толы тағы бір жылын аяқтап, күнтізбелік 2018 жылдың алғашқы парағын аштық. Өткен жылға өкпеміз жоқ, келген жыл­дан үмітіміз көп! Сондықтан Жаңа жылдың жаңа күнімен бірге қолдарыңызға тиген сүйікті газеттеріңіз «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны арқылы өздеріңізге аз-кем сөз арнауды жөн көрдік.

Егемен Қазақстан
01.01.2018 4356
2

Тәубе! Ел өмірінің ең басты жаршысына ай­нал­ған бас басылым үшін де 2017 жыл шын мәнінде табысты жылға айналды. Газетіміздің «Стратегиялық даму тұжырымдамасы» негізінде 2017 жылы алға қойған бір жылдық міндеттерімізді толықтай іске асырдық. Бас басылымда жасалған форматтық, дизайндық және мазмұндық өзгерістер толығымен орнықты.

 Осы өзгерістердің нәтижесінде «Егемен Қазақ­стан» мемлекеттік саясатты жазып көрсету тұрғы­сынан ғана емес, қоғамда және төрткүл дүниеде болып жатқан маңызды оқиғаларды халыққа жан-жақты әрі тұшымды дәйектермен жеткізу ісінде де ақпарат құралдарының флагманына айналып, отандық медиа кеңістіктегі орны мен салмағын нықтай түсті. Мәселен, Елбасының жыл басында жариялаған «Жаңғырту 3.0» атты Жолдауы еліміздің үшінші жаңғыру кезеңіндегі стратегиялық даму мақсаттарын белгілеп берсе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы халқымыздың рухани жаңғыруының түп негіздері мен алдағы бағдарын айқындады. Әсіресе осы бағдарламалық мақаланың «Егеменде» жарық көруі бас басылымның ғана емес, тұтастай қазақ баспасөзінің, қазақ тілінің мәртебесін асырды. Көптеген шетелдік басылымдар Елбасының осы мақаласын өз тілдеріне аударып басты және бастапқы дерек көзі ретінде «Егемен Қазақстанды» белгіледі. Ал газетіміздің өзінде «Рухани жаңғыру» аясындағы тақырыптар бойынша 1000-нан аса материал жарияланды.

Жалпы, өткен жылы елді елең еткізер оқиға­лар­дың көп болғанын атап өткім келеді. Жыл басында әлемдік маңызы бар Қысқы Универсиада ойындары өтіп, дүние жүзінің назары Қазақстанда бақ сынаған спорт саңлақтарына ауды. Сондай-ақ еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі алдағы дамуында зор мәні бар конституциялық өзгерістер қабылданып, Президенттің бірқатар өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке берілді. Ал Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы өткен жылдың халықаралық оқиғалар сапындағы ең үлкен саяси жаңалықтарының бірі болғаны анық. Бұл қатарда ШЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы саммиттерін, Астана экономикалық форумын, сирияаралық келіссөздердің аса маңызды диалог алаңы болған Астана процесінің табысты өткенін де айтуға болады. 

Әлбетте, жылдың маңызды оқиғаларының қатарында біз Орталық Азияда тұңғыш рет өткен Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айрықша айтамыз. Әлем елдерінің баламалы энергетика саласындағы ең үздік технологияларын назарға тартқан бұл көрмені халқымыз ерекше ықыласпен тамашалады. Көрменің үш ай ішіндегі экономикалық табысы өз алдына, ондағы көптеген ғылым және технология жетістіктері, яғни ЭКСПО мұ­ралары ел экономикасының түрлі салаларына ен­гі­зілетін болды. Ең бастысы да осы деп ойлаймыз.

Біз осылайша ел тарихындағы айтулы оқи­ға­ларды қамти отырып, оқырман қауымның тал­ғамы мен талабын жаңа айдарларымызда ескеру­ге тырыстық. Қызметкерлеріміздің де сапалық құра­мы айтарлықтай күшейтілді. Сол арқылы эко­номикалық, халықаралық сараптамалар мен қоғамдық мән-маңызы зор, өзекті мәселелерді көтерген талдау мақалаларға көбірек орын бердік. Нә­тижесінде «Егемен» қоғамдық-саяси және әлеу­меттік-экономикалық маңызы зор көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, олардың мемлекеттік деңгейде дұрыс шешілуіне өз ықпалын тигізді.

Осы орайда газетімізге 2018 жылға жазы­лым былтырғы межеден де асып түсіп, 204 165 данаға жеткенін және «Егемен» қызметкерлері де 2017 жы­лы көптеген мемлекеттік, ведомстволық марапат­тарға ие болғанын мақтанышпен айта отырып, бұл көрсеткіш редакция жұмысының талғамы биік оқырманның талап үдесінен шыға алғандығының нәтижесі деп ойлаймыз.

Өткен жылдың тағы бір үлкен жаңалығы – редакциямызға хат жазып, күн сайын хабарласып жататын қалың оқырманның тілегін орындау мақсатымен «Егемен Қазақстан» газеті соңғы 24 жылда тұңғыш рет бөлшек сауда желісіне түсіп, киоскілерде сатыла бастады. Қазір бас басылымды Алматы, Шымкент және Астана қалаларын қоса алғанда, 80-ге тарта киоскіден табуға болады.

Сайтымызда жыл басынан қазақ тілімен қатар орысша ақпар таратуды қолға алдық, ал қыркүйектен бастап ағылшын тілінде әлемге еліміздегі елеулі оқиғаларды өз мүддеміз тұрғысынан айтып,  елең еткізер жаһандық жаңалықтарды ағылшын тілінде таратып келеміз. Сондай-ақ аудио мақала қосуды жолға қойып, сараптама мен халықаралық жаңалықтардың үлесін арттырдық. Қазір сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі оқырманымыздың саны 42 мыңнан асады.

Құрметті оқырман, 2017-ні осындай нәти­же­лер­мен аяқтаған «Егемен Қазақстан», міне, 2018-дің та­бал­дырығынан аттап, әр шаңыраққа Жаңа жылдың алғаш­қы жаңалықтарын да ала келді. Биыл еліміз үшін де, еліміздің бас газеті «Егемен» үшін де ай­рықша маңызды жыл.

Біріншіден, Қазақстан төрткүл дүниенің төріне шығып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрелік етуін бас­тады. Бұл тарихта қалар шешуші сәттердің бірі екені белгілі. Сонымен қатар 2018 жыл Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезі сынды өзге де айтулы даталар мен халықаралық, жаһандық мән-маңызы бар іс-шараларға толы болмақ. Олардың негізгілеріне қолдарыңыздағы осы санда мүмкіндігінше шолу жасалғанын және алдағы уақытта бұл тақырыптар «Егеменнің» назарында болып, оқырманға жан-жақты жеткізілетінін айтқым келеді.

Екіншіден, биыл «Егемен Қазақстан» үшін өзінің 100 жылдық мерейлі белесін атап өтуге дайындық жылы болмақ. Еліміздің бір ғасырлық даму жолының деректі шежіресін жазып келе жатқан, мемлекеттік саясаттың негізгі насихатшысы әрі халықтың үні болып отырған «Егемен Қазақстан»  газеті 2019 жылы жүзге толады. Әлбетте бұл датаны біз респуб­лика көлемінде атап өтетін боламыз. Бұл орайда біз газеттің 1919 жылдан бүгінге дейінгі сандарының архивін түгендеп, цифрлы форматтағы көшірмелерін жасауды аяқтаймыз. Ел тарихын баспасөз бетінен зерттеушілер үшін бұл зор тарту болмақ.

Сөз соңында газетімізге жазылып, ел тынысын «Егеменмен» танып отырған оқырмандарымызға ал­ғы­сымызды білдіреміз! Жаңа жыл жақсы жаңа­лық­тар жылы болсын!

Құрметпен,

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Сыртқы істер министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

16.01.2019

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді

16.01.2019

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша жұмсайды

16.01.2019

Зәуреш Ақашева: үстел теннисінен Ресей суперлигасы үлкен тәжірибе сыйлады

16.01.2019

Биатлоннан Қазақстан кубогі: екінші жарыс күнінің нәтижесі

16.01.2019

Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесті

16.01.2019

«Татулық» орталығының пайдасын дауласқандар көреді

16.01.2019

Атыраулық кәсіпкерлерді не алаңдатады?

16.01.2019

Соңғы технологиялар темекімен күресте жеңіп шықты

16.01.2019

Салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді

16.01.2019

Сақтағанның жұмыртқалары лайкқа зәру емес

16.01.2019

Ресей, Иран, Әзербайжан үшжақты саммитке дайындалып жатыр

16.01.2019

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

16.01.2019

Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» сапында алғашқы ойынын өткізді

16.01.2019

ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді

16.01.2019

Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды

16.01.2019

Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті

16.01.2019

Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды

16.01.2019

Депутат «Астана-Арена» стадионындағы кемшіліктерді атап көрсетті

16.01.2019

Ең белсенді салық төлеуші 126 084 түбіртек жіберген

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу