Экология • 26 Сәуір, 2024

Жаңақорғандықтар «Жасыл аймақ» апталығына белсенді қатысты

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Жаңақорған ауданының тұрғындары да белсенді қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңақорғандықтар «Жасыл аймақ» апталығына белсенді қатысты

Аталған акцияға аудан тұрғындары қатысып, Жаңақорған кентіндегі «Прайм парк» саябағында, Жаңақорған кентінің орталық көшелерінде абаттандыру, тал отырғызу жұмыстарына атсалысты.

Бұл шараға аудан жастары да белсене қатысып, ағаш отырғызып, уақыттарын көтеріңкі көңіл күйде өткізді.

Айта кету керек, бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында аудан көлеміндегі киелі орындарда сенбілік іс-шаралары өткен еді.

р

Енді жоспарға сәйкес «Жасыл аймақ» апталығы аясында тазалық жұмыстары бастау алды. Жалпы апталық аясындағы іс-шараларға 5 000-нан аса адам жұмылдырылды.

Ио