Көші-қонда іркіліс болмайды

2017 жылдың қазан айында Үкімет көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған жаңа тұ­жы­рымдамасын бекітті. Осы кон­цепцияға сәйкес қажетті заң жоба­сы әзірлену үстінде. Яғни кәсіби ма­мандарды экономикаға тарту, ай­м­ақтар арасындағы демогра­фия­л­ық теңсіздіктерді реттеу және іш­кі миграцияны атаулы түрде мем­лекеттік қолдау бірінші кезекке шығарылуда. Сондай-ақ еліміз этностық миграция аясын кеңейткелі отыр. Бұл де­геніміз – мемлекеттік қолдау тек елге оралғандарға ғана емес, сонымен бірге шетте жүрген қан­дастарымызға да көрсетілетін болады. 

Егемен Қазақстан
01.01.2018 2220
2

Осы жерде сонау 90-жылдары басталған бұл ұлы көш туралы айта кеткім келіп тұр. Қазіргі таңда елімізде 1 миллионнан аса қайта оралған бауырларымыз тұрып жатыр. Олардың көбі Өзбекстан (61,6%), Қытай (12,1%), Моңғолия (11,7%) және Түрікменстаннан (7,1%) келген. Сонымен бірге қандас­тарымыздың оралуына қаты­с­-
ты ел заңнамасы да жыл сайын же­тіл­діріліп келеді. Өткен жылдан бас­тап күшіне енген заң аясында эт­ностық қазақтардың қайта оралуы­на, бейімделуіне және кірігуіне бай­ланысты кедергі келтіретін бір­не­ше проб­лема шешімін тапты. Мәсе­лен, этностық қазақтарға оралман мәр­тебесі, қоныстану аймағына қа­ра­мастан, бір жыл мерзімге бері­лу­де. Сонымен қатар азаматтық алу мерзімі төрт жылдан бір жылға дей­ін қысқарды. Атажұртқа оралғандарды ұтымды қоныстандыру мақсатында оларды қосымша еңбек ресурстарын қажет ететін аймақтарға жолдау шара­лары қабылданды. Нәтижесінде, өткен жылы елімізге 16,5 мың отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8 есеге көп.

Жаңа тұжырымдама шетелдегі қан­дастарымызға жоғарыда белгі­ленген іс-шараларды сақтай отырып, тағы да елге келуге ниеттілерге қосымша мүмкіндік қарастырып отыр. Егер қандастарымыз елге келіп, уақытша жұмыс іс­теу мүм­­кін­дігін сұраса, онда олар өз таң­дау­лары бойынша 1 жыл­ға, 3 жыл­­ға дейін немесе ұзақ мер­­зім­­­ді жобаларға қатысу мүм­кін­­ді­гін ие­ленбек. Этностық қа­зақ­­­тар­­ды жұ­мысқа тартқан жұ­мыс бе­ру­ші­лерге рұқсат тегін бе­рі­леді. Ал шет­елдіктер келетін бол­са, ақы­лы түр­де ұсынылады. Эт­ностық қа­зақтар қоныстанған не­месе жұ­мыс істеуді қалайтын ай­мақ­тар­да бей­імдеу орталықтарын са­лу неме­се оларға жұмыспен қамту ор­та­лық­тары арқылы қызмет көр­се­ту көз­делуде. Ал келген аза­маттар тұ­рақ­ты қоныстанып қаламын деген ше­шімге келсе, онда мемлекет тара­пынан бір реттік материалдық кө­мек (субсидия), 12 айға дейін үй жал­дауға берілетін ақшалай көмек және басқа да қажетті әлеу­мет­тік қызметтерді тегін ұсыну қа­рас­тырылған. Осындай көмекті қазір Оңтүстіктен Солтүстікке көш­кен тұрғылықты азаматтарымыз да алуда. Қорыта айтқанда, қан­дас­тарымызға өз таңдауы бойынша кө­шіп келуге немесе жұмыс істеуге жан-жақты мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр.

Ауыт МҰҚИБЕК,

қазақ көшінің жанашыры, ақын

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу