Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018

Асанәлі Әшімов: Жыл жаңа – меже жаңа

812 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әр атқан таңын олжа кө­ріп, жақсылықтан үміт, жақ­сы күннен кү­дер үз­бей­тін қаза­ғым жаңа жыл ке­­ліп есігін қақ­қанда «Ескі жыл есір­ке, жаңа жыл жарылқа!» деп ізгі ни­­етпен қарсы алады. Мі­не, тағы бір жылды тарих қой­нау­ына тапсырып, жа­ңа жылмен қауышып жатырмыз.

Асанәлі Әшімов: Жыл жаңа – меже жаңа

Ес­ті адам ескі жылды шығарып са­лып, жаңа жылды қарсы алып тұр­ған сәтінде, өз ісіне есеп береді. Ес­кі жыл­ға өкпем жоқ, шүкір, өзім үшін өте жемісті, қуаныш пен ба­қытқа то­лы жыл болды. Қажыр-қай­рат­­тың арқасында 80-ге келдім, Ел­ба­сының қолынан «Алтын Жұл­дыз» алдым. Жиырмадан аса елдің талантты әртістерінің басын қо­сып, ең жақсы спектакльдерін кө­­ру құрметіне бөлеген Асан­әлі Әші­мов атындағы ха­лықаралық те­атр фес­ти­валі дүркіреп өтті. Құ­ман, Ме­руерт сияқты таяныш-ті­реу­­леріммен бірге Америкаға барып, «Қыз Жібекті» көр­сетіп, жат елдің жақсы ле­бі­зін естіп, көңіліміз мар­қай­ып қайттық.

Бір адамның басында осын­­ша қуаныштың болуы бақ емей, ба­қыт емей, немене? Бұл әрине, өне­рі­м­ді өріс­тетіп, бағалаған те­атры­м­н­ың, қадірлеген қаза­ғым­ның ар­қасы. Осы елдегі ты­ныштық пен бей­­бітшіліктің ар­қасы. Жалғыз ме­нің ғана емес, ши­рек ғасырдан астам қызмет іс­теп келе жатқан әкем­театрым да арысы Ан­глия мен Жапонияны, бе­­рісі, Татарстан мен қыр­­ғыз елін өнерімен та­ңыр­қатып, бүгінгі қазақ театр өнерінің деңгейі, қа­рымы мен бағыт-бағ­дары ешбір елден артық бол­маса, кем емес еке­­нін дәлелдеп қайтты. Те­атр­дың бұл тынымсыз еңбегі мен ізденісін Қазақстан Үкіметі де лай­ық­ты ба­ға­лап, бірнеше талантты жас­тарымыз жоғары марапат пен атаққа ие болып, ұжым абыройын арттыра түсті. Осындай жақсы ісіміз бен жетістігіміз келер жылы да жалғасын табады деп сенеміз.

Ұлттық рухымызды оятатын да, ұйытатын да рухани қазы­на­мыз. Әсіресе, өнер. «Елу жылда – ел жаңа» деп жатады, қазір елдің елу жылда емес, жиырма жылда жа­ңа­ратынын көз көріп отыр. Аз уа­қыттың ішінде егемен еліміздің эко­номикалық әл-ауқаты, мәдени, ру­хани келбеті бұрын болып көр­меген биік деңгейге көтерілді. Бү­кіл Қазақстанымыз үшін қайырлы, құтты жылдар болып келеді. Жыл жаңа – меже жаңа. Ендеше, есігін ашқан Жаңа жылдан да күтер жақсылығымыз көп. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Асанәлі Әшімов

Еңбек Ері,

КСРО халық әртісі,

М.Әуезов атындағы

Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетек­шісі