Ал ақпан айындағы Қысқы Олимпия ойындарына келетін болсақ, Қазақстан құрамасы биыл тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатысқалы тұр. Бұған дейінгі алты Олимпиаданың төртеуінде отандастарымыз елге жүлделі оралды. Биыл да сол биіктен көрінеді деп ойлаймын.
Өзім үнемі бақылап, тілеуін тілеп отыратын биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы дәл қазір нағыз бабында. Қоржында 10 жолдама бар. Дегенмен, бапкерлер құрамы Оңтүстік Кореяға кімдерді апаратынын осы айдың соңында белгілі болмақ. Егер дәл бүгінгі жұлдызды құрамды апаратын болса, Олимпиаданың бір медалі болады, деп сеніммен айта аламын.
Ол медальды кім алады? Кімнен үміт күтуге болады? Меніңше, басқа спортшыларға қарағанда Галина Вишневскаяның мүмкіндігі өте жоғары. Былтырғыға қарағанда биыл Вишневскаяның деңгейі әжептәуір өскен. Сондықтан Галинаның Пхенчханда жүлдеге күресуіне толық үміт бар.
Басқа биатлоншылардан да нәтиже күтуге болар еді. Дегенмен, олардың нәтижесі Вишневскаядан жоғары емес. Мәселен, Дарья Усанова әрдайым үздік нәтиже көрсетіп жүргенімен, оқ атуға келгенде үнемі қателесіп жатады. Ал Алина Райкованың нәтижесі керісінше. Өзге спортшыларға қарағанда жылдамдығы төмен болғанымен, оқ атуда үнемі нысананы дәл көздейді.
Елена Хрусталева,
Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері