Қазақстан • 02 Қаңтар, 2018

Чех және Словак елдерімен дипломатиялық қатынастың 25 жылдығы атап өтілді

481 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істеп министрігі Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағандығының 25 жылдығына жасалған коммюникені жариялады.

Чех және Словак елдерімен дипломатиялық қатынастың 25 жылдығы атап өтілді

2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеміз.

Өткен ширек ғасыр аралығында барлық салалардағы ынтымақтастық сенім мен үздіксіз даму деңгейінде және екіжақты өзара іс-қимыл ауқымында өтті. Сенімді саяси диалог орнатылды, өзара сауда көлемі бірнеше есе ұлғайды, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы кеңейтілді, мәдени-гуманитарлық және білім берумен алмасу өсіп келеді.

Екі жақты қарым-қатынастар дамуының басты кезеңдеріне 2004 жылы Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаустың Қазақстанға, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Чех Республикасына, 2014 жылы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның Қазақстанға ресми сапарлары және 2017 жылы Чех көшбасшысы М.Земанның Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу мақсатында Қазақстанға жұмыс сапары кіреді.

Екі ел арасында парламентаралық достық тобының қызметіне негізделе отырып жоғары заң шығарушы органдар деңгейінде белсенді ынтымақтастық орнатылды. Чехия Парламенті Еуропалық Одақ елдерінің арасында 2016 жылы 15 қыркүйекте ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі.

Энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, логистика, білім және туризм кіретін экономикалық өзара іс-қимылдың аса басым салалары айқындалған және жоспарлы игерілуде.

Осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуінің басты механизмі 2005 жылы құрылған экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. 2009 жылы Чехияның Қазақстанды сауда-экономикалық 12 басым әріптестерінің тізіміне енгізуінің арқасында сауда және инвестиция саласындағы мүмкіндіктер едәуір кеңейтілді.

Екі ел арасында өзгеше көпір ретінде қазақстандық туристердің Чехияға тұрақты түрде келуін атап өтуге болады. Чех Республикасының жоғары оқу орындары қазақстандық жастар үшін тартылыс орталығына айналды. Өз кезегінде чех азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күн ішінде визасыз келіп кетуге мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы БҰҰ, ЕҚЫҰ ж2не басқа ұйымдар желісі бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Қазақстан Чех Республикасымен одан әрі достық пен сенім қатынастарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға бағдарланған сыртқы саяси бағытын жалғастыруды ниет етіп отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.

Достық пен әріптестіктің ширек ғасыры ішінде екі ел арасында сенімді саяси диалог орнатылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды, шарт-құқықтық база кеңейтілді.

Словак Республикасының Президенті Р.Шустердің 2001 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған бірінші ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді маңызды кезеңі болды. Аталған сапар барысында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас негіздері туралы Декларацияға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы қарашада Словакияға жасаған ресми сапары және Словак Республикасының Президенті И.Гашпаровичтың 2010 жылғы наурызда Қазақстанға жасаған ресми сапары, сондай-ақ оның 2010 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жасаған жұмыс сапары ынтымақтастықты нығайтуға елеулі серпін берді.

Парламенттік дипломатия екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға маңызды үлес қосуда. Екі елдің жоғарғы заң шығарушы органдарында достық парламенттік топтар құрылған. Депутаттар арасында тұрақты түрде сапар алмасулар жүзеге асады. Словакия Парламенті Еуропалық Одақтың елдері ішінде алғашқы елдердің бірі болып, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Саяси диалогты одан әрі күшейтуге маңызды үлесін Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі М.Лайчактың 2016 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары қосты. Сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар басшыларының тұрақты кездесуі мен СІМаралық консультациялардың өткізілуі екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудің тиімді тетігі болды.

Сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынастар дәйекті және үдемелі түрде дамып келеді. Энергетика, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көліктік инфрақұрылымды дамыту, білім және туризм салалары экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары болып табылады. Екі елдің іскер топтарының жақындасуын ілгерілетуде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының рөлі зор, бүгінге оның 6 отырысы өтті.

Қазақстан мен Словакия негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарды қабылдайды және БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдар аясында жаһанды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға өз үлестерін қосу үшін халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

ҚР азаматтары үшін ЕО тарапынан визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі бойынша Словакия ресми түрде Қазақстанға қолдау көрсетіп отыр. Өз кезегінде, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап словак азаматтарына Қазақстанда 30 күн бойы визасыз болу мүмкіндігі берілді.

Қазақстан мен Словакия екі ел халықтарының игілігі үшін алдағы уақытта екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағдарланған сыртқы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға ниетті.