Қазақстан • 02 Қаңтар, 2018

Астанада жаңа туған нәрестелер хирургиясы белсенді дамып келеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 10 айында жаңа туған нәрестелердің жүрек ауруларын анықтау және оларға сәтті жасалған ота саны шамамен 1,5 есеге артты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада жаңа туған нәрестелер хирургиясы белсенді дамып келеді

Күн сайын алада 74 нәресте дүниеге келеді. Ағымдағы жылдың 10 айында Астанада 23 830 бала дүниеге келді, ол өткен жылдан 922 балаға артық.

Сондай-ақ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жетістігі бар. Өмір сүру сапасы мен медициналық қызметтің жақсаруымен бірге, астаналықтардың өмір сүру жасы жыл сайын ұлғайып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол - 75,4 жасты құрады.

Тұтас алғанда денсаулық сақтау саласы күн сайын әлеуетін күшейтіп келеді: жаңа медициналық ұйымдар салынып, қолданыстағылары жаңартудан өткізіліп жатыр. 2015-2016 жылдары қалада бірқатар жаңа нысандар: қалалық жедел-жәрдем стансасы, балалар инфекциялық ауруханасы, наркология және психотерапия орталығы, №12 қалалық емхана салынды. Бұлардың барлығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.