Қазақстан • 02 Қаңтар, 2018

«KazЕОSat» спутниктерінің жұмыс істеу уақыты үш жылдан кейін аяқталады

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстандағы спутниктер қай мерзімде алмастырылатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«KazЕОSat» спутниктерінің жұмыс істеу уақыты үш жылдан кейін  аяқталады

«KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс спутниктері 2011 және 2014 жылы ұшырылды, сәйкесінше олардың белсенді жұмыс істеу мерзімдері 12 және 15 жылды құрайды. Ал оларды 2023 және 2029 жылдары жоспарлы алмастыру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, «KazЕОSat-1» және «KazЕОSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 2021 жылы аяқталады.

«Осыған байланысты Министрлікпен олардың орнын 2021 жылы жаңа Жерді қашықтықтан зондтау жер серіктерімен амастыру үшін «KazЕОSat-3» және «KazЕОSat-4» жобаларын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда», - дейді министрлік өкілдері.

Қазіргі таңда Қазақстанда екі ғарыштық жүйе бар. Атап айтқанда, «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс спутниктерден тұратын «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі, сонымен қатар «KazEOSat-1» мен «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау  спутниктерін қамтитын екінші  жүйе жұмыс істеуде.