Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018

Қарағанды облысы әкімі жедел жәрдем қызметкерлеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырды

544 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда облыс әкімі Ерлан Қошанов өңіріміздегі жедел жәрдем қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа 35 автокөлік кілтін табыс етті. Қазіргі күні аймағымызда барлығы 117 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Соның 49-ы облыс орталығында жұмыс жасауда. Осы күні аталған барлық бригадалар көлікпен қамтамасыз етілген. 

Қарағанды облысы әкімі жедел жәрдем қызметкерлеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырды

Көлік демекші, мұндай те­мір тұл­пар­лардың қызмет ету мерзімі – 6 жыл. Бұған дейін же­дел жәрдем қыз­мет­­к­ерлері 2015 жылы 37 жаңа авто­кө­­лікке ие болған еді. Шымкент қа­ла­­сындағы медициналық құ­рыл­ғылар мен техникала­р­ды өндіруші отандық «KAZ­MED­PRI­BOR Holding» компа­ния­сында құрастырылған «ГАЗе­ль» маркалы бұл темір тұл­пар­лардың орташа құны 19 миллион теңгені құрайды екен. Аталған 35 көлік лизинг жүйесі бой­ынша 3 жылға алынды. Нау­қасқа көмек көрсетуге бар­лық мүмкіндік бар. Олай деп отыр­ғанымыз басым бөлігі реани­мо­биль саналатын көліктер жедел жәрдем қызметкерлеріне қа­жет жабдықтармен 100 пайыз қам­тамасыз етілген. Сондағы 8 кө­лік «ГАзель Бизнес» негізінде бол­са, қалған 27-сі – «ГАзель Next».

Тағы бір айта кетерлігі, өңі­рі­­мізде 5 жедел жәрдем бригадасы оба, тырысқақ, күйдіргі сынды аса қауіпті жұқпалы ау­ру­­лармен күреседі. Оларға ар­налған кө­лік­тер де ерекше жаб­дықталған. Сөй­тіп, бұған дейінгі көліктердің жылыт­қы­шы мардымсыз, мұздатқышы мүлде жоқ болса, кейінгі 35 көлікте бұл олқы­лық­тардың орны толыпты.

– Әр адамның басты бай­лы­ғы – ден­сау­лық. Бұл рет­те тұр­ғындарымыздың жағ­­дайын жақ­сар­­ту үшін барымызды салып ке­ле­міз. Президент тапсырмасын орындай отырып, жаңа ауруханалар тұр­ғызып, жаңа технология­ларды қол­да­ныс­қа енгізіп, заманауи қон­дырғыларды сатып алуда­мыз. Міне, бүгін біз жаңа жыл қар­саңында 35 көлікті ел игі­лі­гі­не пайдалануға ұсынып отырмыз, – деді Ерлан Қошанов.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы