Парламент • 04 Қаңтар, 2018

Сенатор Р.Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады. Сенатормен кездесуге әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған облыс орталығының тұрғындары барды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатор Р.Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады

Қарағанды қаласының тұрғыны Т.Шутованы толық емес отбасыларында өсіп келе жатқан кәмелетке толмаған балалардың материалдық жағдайы мазалайды. Ол балалардың көпшілігі белгіленген алиментке қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан ондай балаларды қолдау үшін арнайы қор ашу ұсынылды. Қарағанды қаласының екінші тұрғыны О.Гарницкий қаланың кейбір аудандары орталық жылу құбырымен қамтамасыз етілмегенін, ыстық су мен газ да жоқ екенін айтып, осы мәселелердің шешімін табуға көмек сұрады.

«Қорғау» ардагерлер кеңесінің мүшесі В.Чайка қала мен облысты дамытудағы аға буын өкілдерінің рөлі туралы айта келіп, олардың жастар тәрбиесіне атсалысуы керектігі туралы өз ойын ортаға салды. Ол сонымен бірге ардагерлер атынан депутататтарды «Ардагерлер туралы» заңды қабылдауға шақырды.

Жалпы алғанда, депутатқа 11 азамат қабылдауға келіп, екі шағым бойынша қабылдау кезінде оң шешім қабылданды. Қабылданған 5 шағым тиісті мекемелерге жіберілді. Сондай-ақ 4 азаматты толғандырған мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды. Айтылған барлық шағымдардың шешімін табуын сенатор Р.Әбдікеров назарда ұстайтын болды.