Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауда

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жылда аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының  көтерілуін болдырмау және  тежеу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауда

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша тұрақтандыру қорына 692 тонна картоп, 250 тонна пияз, 100 тонна сәбіз, 102,5 тонна қырыққабат алынған. Алынған өнімдер қыс айларында облыс орталығы мен аудандардағы сауда нүктелерінде тиянақталған бағамен сатылады.

Өнімнің бір келісі үшін болжамды баға: картоп-86 теңге, пияз-85 теңге, қырыққабат-81 теңге, сәбіз-100 теңге.

Өнімдер «Дина», «Көктем», «Насиха», «Сарайшық» базарлары мен «Байзар», «Ярмарка» супермаркеттерінде сатылады. Көкөністерді аудан тұрғындары да төмендетілген бағамен ала алады. Азық-түліктерді ауылдық елдімекендерге жеткізумен, сатумен айналысатын операторлар да анықталды.