Депутаттар кездесу барысында Парламенттің 2017 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы әңгімеледі. Әсіресе, Салық кодексіндегі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Бұл құжаттағы жаңалықтар іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жеке және заңды тұлғаларға қатысты салық заңнамасын оңайлатуға бағытталып отыр. Салық әкімшілендірулері мен тексеру тәртіптерінің тетіктері жетілдіріліп, құжат айналымы оңайлайды. Р. Әкімов пен Д. Әділбеков адал салық төлеушілердің, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған ережелер туралы жан-жақты айтып берді.
Шараға Ақмола облыстық Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің, Іскер әйелдердің аймақтық кеңесінің және Кәсіпкерлер ассоциациясының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі