Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018

Абай ауданындағы кен орны колледж түлектерін жұмыспен қамтиды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлылар мекені Абай ауданында соңғы жылдары кен өндіруге басымдық беріле бастады. Жақында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров пен «БАСТ» АҚ президенті В.Ипатов екі жақты ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Абай ауданындағы кен орны колледж түлектерін жұмыспен қамтиды

Аталған кәсіпорын бірнеше жылдан бері аудан аумағында мыс, мырыш концентрантын өндіріп жатқаны белгілі. Өткен жылы 400 тоннадан астам концентраттты игерген кәсіпорын 2018 жылы бұл көрсеткішті 1000 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу барысында бірқатар нәтижелі келісімдерге қол жеткізілді. Алдағы уақытта Абай колледжін дәнекерлеуші, құрылыс маманы, слесарь, тракторист-машинист, аспаз мамандықтары бойынша тәмамдаған студенттер аталмыш кен орнынан іс-тәжірибеден өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар өндіріс орнының филиалы Абай ауданына тіркеуге тұрып, заң аясында салық түсімдерін толық аударып отыруға міндеттелді.

«Бұл меморандум Абай ауданының тұрғындарын және жергілікті кәсіптік білім беретін Абай колледжінің түлектерін жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік тудырып отыр. Аудан бюджетін құрайтын салық түсімдері де артып, алдағы уақытта «БАСТ» АҚ-ы «Туған жер» бағдарламасы аясында демеушілік жасап, қол ұшын созуға ықтияр екендігін айтты», - дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы