Парламент • 05 Қаңтар, 2018

Сенаторлар Индер ауданында болды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының  Индер ауданындағы Индербор кентінде  жұртшылықпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

 

Сенаторлар Индер ауданында болды

Шараға аудан және ауылдық округтер әкімдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде сенаторлар Парламенттің жоғарғы Палатасының өткен жылғы заң шығару қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елімізде жүзеге асқан саяси реформалар мен қоғамдық өмірдегі жаңғырулар туралы әңгімеледі. Талқылау барысында депутаттар жиналғандардың сауалдарына жауап берді.