Парламент • 05 Қаңтар, 2018

Сенатор Р. Әбдікеров Ақтоғай ауданында болды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында жұмыс бабындағы сапарда болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.



Депутат Жалаңаш ауылында 150 мүйізді ірі қара малына арналған «Тәттібек» шаруа қожалығының бордақылау алаңында болды. Р. Әбдікеров шаруашылық басшысы Г. Мейірмановамен өндірісті ұлғайтудың және мал шауруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттырудың келешегін талқылады.

Сенатор Жидебай ауылдық округінде былтыр ашылған отбасылық амбулаторияның жұмысымен танысты. Ақтоғай ауылында К. Байсейітова атындағы орта мектептің мұғалімдер ұжымымен кездесті. Жүздесуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы басты тақырып болды. Р. Әбдікеров мұғалімдерге Парламент қабылдаған жаңа заңдардың мазмұны туралы да айтты.

Сенатор сол күні аудандық мәслихат депутаттарымен, атқарушы билік органдарының өкілдерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, ардагерлермен және қоғамдық ұйымдар басшыларымен де кездесті.