Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018

Мақсат – ортақ фильм түсіру

704 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түрік кинематографистері Алматыда өтіп жат­қан «Түрік фильмдерінің апталығы» аясын­да Ш.Ай­манов атындағы «Қазақфильм» ки­но­­сту­дия­­сына келді. Айта кету керек, түрік фи­льм­де­рі­­нің апталығы Түркияның Мәдениет жә­не ту­ри­зм министрлігінің бастамасымен биыл үшін­ші рет ұйымдастырылып отыр.

Мақсат – ортақ фильм түсіру

Ашылу салтанатында корей соғысына қатысып, кішкентай корей қызын құтқарып қалған түрік офицері туралы баяндайтын «Айла» атты көркем фильм көрсетілсе, жабылатын күні «Тау 2» атты көркем фильм ұсынылды. Мәдениетте елеулі маңызы бар шараны табысты аяқтаған соң Қазақстан және Түркия киногерлері «Қазақфильмде» бас қосып, кездесу барысында екі елдің кино мамандары бірлескен жобаларды түсіру мүмкіндігін талқылады.

– Мен сіздермен танысып, киностудияны көргеніме қуаныштымын. Біздің ортақ мәдениетіміз, тарихымыз, ортақ сеніміміз, мақсатымыз бар. Қожа Ахмет Ясауи, Көроғлы, Қорқыт ата секілді ортақ тұлғаларымыз бар. Олар қазақтың не түріктің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің тұлғасы. Осындай кейіпкерлеріміз барда, ортақ тарихымыз тұрғанда, бірлесіп фильм түсірсек екі елдің мәдениеті мен өнері үшін үлкен олжа болады деп есептеймін.  Бұл мақсат үшін екі мемлекет те мүдделестік танытса, орындалуы онша қиынға соқпайды. Ортақ фильмдер түсіріп, бүкіл әлемге түркі әлемінің бейбіт халық екенін паш етсек, деді кездесу кезінде танымал түрік режиссері Өнер Кылыч.

«Қазақфильмнің» қызметкерлері түркиялық қонақ­тар­ға – режиссер Өнер Кылычқа, продюсер Ахмет Еде­балыға, режиссер Мұстафа Угур Яғджыоғлуға жә­­не журналист Бедір Ачарға киностудия аумағын ара­­латып, өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырды. Кез­десу соңында екі тарап болашақта бірлесіп тү­сі­ре­тін жобалардың сценарийлерімен алмасты.

Соңғы жылдары «Қазақфильм» бюджет қаржысын үнем­деу және халықаралық прокатқа шығу мақсатында шет­елдік серіктестермен киноөндірісті қарқынды түр­де дамытуды қолға алды (барлық бірлескен жобалар ор­тақ қаржыландыру шарты бойынша жүзеге асады). Осы орайда Ресеймен бірлесіп түсіріп, прокаты үлкен та­быс­пен өткен «28 панфиловшы» фильмін, прокатқа ен­ді ғана шыққан, Үндістанмен бірлескен «Туған үйім – ті­регім» («Love you family») фильмін және аяқталуға жа­қын қалған «Әміре» (Әміре Қашаубаев туралы) атты қазақ-американ фильмін, түсірілім кезеңінде тұрған қазақ-қытай жобасы «Композитор» (Си Синхай мен Бақытжан Байқадамовтың достығы туралы) фильмін атауға болады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ