08 Қаңтар, 2018

Өзгерістерге толы өңір

533 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ла­сын­­да зерделенген құндылықтар, халыққа ұсы­­нылып отырған идеяларды терең ұғына бі­­лу, уақтылы жүзеге асыру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­ле­кет­­тік университетінде аймақтық жобалық кең­­се ашылды. «Рухани жаңғыру» жобалық ке­ң­сесі ірі ғылыми орталық болып санала­ды. Ол университеттің инновациялық тех­но­ло­гия­лар паркінде орналасқан, қажетті ма­те­ри­алдық базамен, кадрлармен қамтамасыз етіл­ген.

Өзгерістерге толы өңір

Қоғамдық сананы жаңғырту­дың негізгі қағидаларын қалып­тас­тыруға және заман сынағына тө­теп беруге қажетті бағыттар жо­­ба­ларын жүзеге асыруда Қ.Жұ­ба­нов атындағы Ақтөбе өңір­лік мем­лекеттік университеті алты ба­ғыт бойынша жұмыс істеуде. Олар: Бә­секелік қабілеттілікті артты­ру; Ұлт­т­ық бірегейлікті сақтау; Қа­зақ әліпбиінің жаңа графикасын әзір­леу; Гуманитарлық білім маз­мұ­нын жаңарту; Өлкетану үрдісін жандандыру; Білім мен ғылымды заманауи талаптарға сәйкестендіру.

«Туған жер» және «Қазақстан­ның киелі жерлер географиясы» арнайы жобаларында әрбір қазақстан­дықтың бәсекеге қабілет­ті­лігін, халықтың азаматтық жау­ап­­­кершілігі және әлеуметтік бел­сен­­­ділігін арттыруға және праг­ма­­тизмді түсінуге бағытталған, Ақ­төбе облысының тамыры те­рең тарихын,  мәдени дәстүрін жә­не рухани құндылықтарын таныту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және кеңінен тарату іс-шаралары жоспарланған.

Осыған орай, тұрғындардың  этноәлеуметтік және этносаяси тарихын, өңірдегі тарихи тұлғалардың орны мен рөлін, киелі жерлер географиясын (топонимика, ономастика, лингвистика) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­вер­­ситетінің экспедициялық зерт­теулерінің нәтижесі бойынша жас ұрпаққа туған жерінің – Ақ­төбе облысының тарихы туралы то­лық және терең білім беру үшін ме­мо­риалды-культті аймақтың қа­­лыптасу тарихы мен дамуы жө­ніндегі құжаттар (Абат-Байтақ кесене, Есет батыр мемориалды кешені, Қобыланды батыр және Хан моласы және т.б.) зерттелуде. Осы бағыттағы іс-шаралар аясында:  өлкетану білімін дамыту, ЖОО мен педагогтердің біліктілігін арттыруда осы бағыттағы оқу құралдарын, базалық оқулықтар дайындау; өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; ішкі та­рихи-өлкетану туризмін дамыту жұ­мыстары қарқынды жүріп жатыр. «Қазақстанның киелі жерлер география-
сы» арнайы жобасының бі­рі – «Гугл» спутнигі арқылы Ба­тыс Қазақстан аймағы бойынша IV-V ғасырға жататын (ғұн дәу­ірі) ар­­хеологиялық ескерткіштерді табу­да.

Ақтөбе облысында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жалпы құны 2 млрд 848 млн теңгені құрайтын 555 жоба іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда акция аясында 5 миллиард 424 миллион 390 мың теңгеге 464 жоба орындалды. Оның ішінде ірі жобалар қатарына – хоккей модулі (240 млн); облыстық тарихи-өлкетану музейі (635 млн); «Жұбановтар әуені» өнер орталығы (300 млн); 28 гүлзарлар мен парктер құрылысы (300 млн); әлеуметтік нысандар­ды жөндеу, елді мекендердің инфра­құ­рылымдарын одан әрі дамыту жобалары енді. «Туған жер» арнайы жобасын ірі шараларының бірі – «Ақтөбе – құтты мекен» жерлестер форумы, оған АҚШ, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Армения және Әзербайжан секілді 20 шетелден 300-ден астам ақтөбеліктер келді.  Форум негізгі нәтижелерінің бірі – құны 80 миллиард теңгені құрайтын өзара түсіністік пен жаңа өндіріс кәсіпорындарын ашу туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Форумға жерлестеріміздің арасынан 23 медицина саласының атақты дәрігерлері қатысты. Осы күндері келген қонақтар аса күрделі саналатын 29 операция және 1500 медицина қызметкерлерін қамтитын 14 әдістемелік семинар өткізуге ықпал етті.«Киелі жерлер география-
сы» атты арнайы жобасы аясында Ақтөбе облысынан жалпыұлттық киелі жерлер тізіміне 10 нысан енгізілді. Облыстың тарихи жерлеріне қазба жұмыстары жүргізілді және көне тарихи ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы заманауи әлемде терең жаһандану жағ­дайында ұлт­тық мәдениетіміздің және қазақстан­дық қоғамның бірегейлігін сақталуына не­гізделеді. Келе­шек­те ұлттық салт-дәс­түр, тіл, музыка мен әдебиетімізді сақтау және кеңінен тарату туралы базалық түсі­нік­ті дамытуға бағытталған іс-шаралар қарас­ты­рылған, осы арқылы ұлттық рухты қалыптастыру көзделген. 

Осы жоба бойынша, Ақтөбе облысында ірі маңызды шаралар өткізілді. Мысалы, Есет батыр Көкіұлының 350 жыл­дығы, Дербісалы Беркімбаевтың 180 жыл­дығы, Көкжар жәрмеңкесінің 150 жыл­дығы (1860 жылы осында алғашқы сау­да қатары салынған болатын, олар осы уақытқа дейін сақталып қалған), бел­гілі композитор, күйші Қазанғап Ті­леп­­бергенұлына арналған «Ақжелең» ха­лық­аралық күйшілер байқауы, композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған «Мүшәйра» ақындар айтысы, «Жібек жолы» республикалық фестивалі өтті.

Ақтөбеден шыққан жерлес-меценат­тар­дың қолдау­ы­мен Есет батырға, заңгер-ғалым және саяси қызметкер Наға­шыбай Шайкеновке, Қобыланды батыр, халық кө­терілісінің саяси көсемі, қолбасшысы, батыр Исатай Тай­манұлы, Алтай батыр, Әлия Молдағұловаға арналған ес­керткіштер бой көтерді. Ресей Федерациясының Орын­­бор мемлекеттік мұрағатымен өзара келісім жа­са­лып, ондағы тарихи  құнды архивтік материалдар зерттеліп, цифрлы жүйеге көшірілуде. Облыстық өлкетану музейінің экспозициялары толықтырылып, 3D вир­туалды форматта жаңартылады. Жергілікті ақын-жа­зушылардың шығармалары басып шығарылады. «Жас ғалым» жобасы жүзеге асырылып, облыс әкімінің гран­ты (5 млн 200 мың теңге) тағайындалды.

Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сын жүзеге асыру бойынша тұрақты түрде мони­торинг жүргізіліп отырады. Сараптама кеңесінің жұ­мы­сында жергілікті белгілі ғалымдар, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және қоғамдық қызметкерлер қатысады. Сараптама кеңесі отырысында тұрақты түрде облыстық ішкі саясат, мәдениет, білім, тілдерді дамытуға сыртқы байланыстар және туризм басқармаларының, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының есептері тыңдалады. Басқармалар жұмысының нәтижелері бойынша жұмысты жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар жасайды. Атап айтқанда, ішкі саясат басқармасына, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, зиялы қауым мен қоғам өкілдерін осы жұмысқа тарту ұсынылды. Облыстық мәдениет, сыртқы байланыстар және туризм басқармаларына ақын-жазушылармен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен тұрақты байланыс жасап, киелі география бойынша шаралар жүргізу, киелі орындар картасын жасау тапсырылды.

Бауыржан ЖҮНІСОВ,

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру бойынша Ақтөбе облысының

Сараптама кеңесі төрағасының орынбасары