Екі дүркін Батыр аналарға – еселі қамқорлық

Осыдан біраз уақыт бұрын төртем тапқан келіншектер туралы қалам тербеп отырып, бір баланың өзін қатарға қосудың өзі ана үшін аз уайым емес екенін ойлағанбыз. Әке-шеше әрбір перзенті үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп, тілекші, тәрбиеші, асыраушы болатынын айтудың өзі артық. Ал енді төртем тапқан қандай?! Дүниеге әкелген балаларының санын жетіге дейін жеткізіп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» тағып отырған замандастарымызды Алла жарылқасын!  

Егемен Қазақстан
08.01.2018 1247
2

Бірақ біздің заманымызда сирек болса да 14-15-ке дейін бала тауып, бәрін өсіріп-өндіріп отырған жандар табылады. Әр аймақта, әр өңірде осыншама ұл-қызды ұясына да қондырып, қиясына да жетелеп, әрқайсысының қиындығы мен қызығына кезек көнген өрісті ата-аналарды неге бөле-жарып дәріптемейміз?

Бұлардың бейнеті кешегі Екінші дүниежүзілік соғыста екі дүркін Кеңес Одағының Батыры болғандардан бір мыс­қал да кем емес, артық бол­маса. Бұлар – екі дүркін Батыр аналар!

Сөзіміз құрғақ болмасын, осы заманда екі дүркін Ба­тыр аналар бар ма өзі деп, әлеу­­меттік желілерден сұрату салғыз­ғанымызда, бар болып шықты.

«Біздің Ақтөбе облысы Ыр­­ғыз ауданында 16 бала туған Асыл деген апамыз бар. Ме­нің құдашам 16-шы бала­сына тұрмысқа шықты. Сол кісінің балаларының бар­лығы еңге­зердей. Ең үлкені «Ал­памыс мектепке барады» киносындағы Мұнар ата сияқты. Тау ғой, тау. Қыздары да сондай. Асыл әже қазір неме­релерін бағып отыр. 16 ба­ласы, бүкіл құда-жек­жат­тары жиналғанда бүтін бір ауылдай болады ғой. Алтын құрсақты апамыздан айналып отырамын ылғи», дейді Бақыт Жаншаева.

«Біздің Маңғыстауда 15-17 бала тауып, тəрбиелеген бірнеше ана бар», деп жазады байырғы егемендік әріптесіміз Маңдайлы Қосымбай.

«Шешемнің Қамаш Сейіт­жанова деген апасы Алматыда тұрады. 20 баланы өмірге әкелген. Қазір 78 жасқа келді. Балаларының бәрі аман. Қа­маш апамыз немере-шөбере сүйіп отырған бақытты әже», депті Азамат Есенжол атты замандас. Сол сияқты Жансая Нұрта­зинова бір құрдасы 17 баланың бірі екендігін айтып, сүйінші сұрайды.

Ал Айткүл Шалғынбаева 18 бала тапқан ана бар екендігін айтады, ол кісінің отбасына кезінде «Газель» көлігі берілді. Енді балалары азамат болып кеткен болар десе, оның сөзін Ерлан Өрістембеков те қолдап, «Иә, ол кісі бар. 18 баласы да ержетті. Негізі 21 бала тапқан. Біздің ауылда тұрады. Бұлар Кар­шығаевтар отбасы. Балалары үйлі-баранды болып отыр. Қазір сол «Газелімен» Жалағаш пен ауыл ортасында қатынап жүр», деп қуаттайды. Сол сияқты Қаншагүл Мұста­фаева осы ақпаратты растап, «Бұлар Қар­шығаевтар отба­сы, жары Фати­ма апа. Негі­зі қаланың тұрғындары. Тіркеуде Қызылорда қаласында. Ал өздері Жалағаштың Еңбек ауылында тұрады. Бір баласы осыдан 3-4 жыл шамасында қайтыс болды. Басқа балалары балалы-шағалы болды», депті.

Енді Шымкент қаласынан Қарлығаш Егенова туысқан апасы Анар Батырова 15 бала тауып, оның 14-і аман-есен жетілгенін баяндайды. Қазір күйеуінің тегіне жазылып, Жапабаева болып жүр депті.

Қаламы қарымды әріп­тестің бірі Толқын Садырова 20 бала көтерген анадан сұх­бат алғанын жазады. Бір-екеуі шетінеп кеткен, екеуін енесі туыстарының бауырына салғанын, қалған 16 баланы өзі қатарға қосқанын айтады.

Ал журналист Айша Тұр­ма­­ғанбетова 18 бала ту­ған Қанай Құдайберген деген қайын апа­сы Теміртау қала­сы­ның қасын­дағы Ақтау кен­тінде тұра­тынын хабарлайды.

Бұл аз болса, Жеткер Жү­сіп Қызылорда облысының Терең­­өзек ауданында 23 бала тапқан ана бар, ұмытпасам ол кісі 4 рет егіз тапқан депті.

Енді қарап отырсақ, көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқалармен» марапаттау туралы ел Президентінің 2016 жылғы 21 шілдедегі №303 Жарлығына сәйкес ана­ларға алтын және күміс алқа­ла­рымен қатар, орден кі­тап­ша­лары бері­летіні белгілі жә­не көп балалы аналарға, ал­қа иегерлеріне 6 АЕК, яғни 12 685 теңге көле­мінде арна­йы мем­л­екеттік жәрдемақы бе­рі­леді. Сонымен қоса, бұл са­наттағы азаматтарға Са­лық кодексіне сәйкес, салық тө­лемдері бойынша жеңіл­дік­тер қарастырылған.

Алайда 7 бала туған жә­не 17 бала өсірген алтын құрсақ­ты аналардың құқығы бірдей, бірақ бейнеті екі есе.

Ендеше екі дүркін Кеңес Одағының Батырлары кеткен заманның үлесінде қалсын деп тілейік. Бірақ екі дүркін Батыр аналарды неге ерекше қам­қорлыққа алмасқа?! Неге мемлекет тарапынан екі есе жақсылық жасамасқа! Олар ілуде біреу!

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу