Технология • 08 Қаңтар, 2018

Блокчейн технологиясының болашағы қандай?

1573 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызме­тінде «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» кеңе­сінің төрағасы Есет Бутиннің қаты­суымен баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында Қазақстан Рес­публикасында блокчейн техно­ло­гия­сының келешегі туралы айтылды. 

Блокчейн технологиясының болашағы қандай?

«2017 жылғы 17 қарашада «Қа­­зақ­­стан блокчейн және криптовалюта ассоциация­сы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Бір­лестік Қазақстан экономикасына блок­чейн технологиясын ше­тел­дік озық тәжірибелерді қолдана отырып енгізу үшін құрылған болатын. Оның мақса­ты – елі­мізде блокчейн техноло­гиясын ілгерілету және бірікті­ру. Ас­со­циация криптовалю­та нары­ғын және ICO-ны заң­дас­тыру ба­ғы­тында қазақстан­дық реттеуші­лермен жұмыс істеу­ді жос­пар­лап отыр. Сондай-ақ блок­чейн тех­нологиясы заңна­ма­лық баста­маларды әзірлеумен қа­тар, ірі жо­баларды іске асыру барысында ассоциация мүше­ле­рінің күш-жігерін жұмылдыру бо­йынша жұмыс жүргізетін бо­лады. ҚБКА құрамына медицина, қаржы, инжиниринг салалар­ында блокчейн жобаларды енгіз­бекші болып отырған Медэле­мент, Сан­скрИТ, Асыл Тобе, Тех­сол Инжи­ни­ринг және басқа да қа­зақстан­дық жетекші компания­лар кірді. Қазіргі таңда бір­лес­тікке қатысуға ниет білдірген тұл­ғалардан ай сайын отыздан астам өтініш түсіп отырады», деді Е.Бутин.

Сондай-ақ ол осы қысқа мерзім ішінде ҚБКА АХҚО-мен ынтымақтастық туралы келісімге келіп, өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойғанын жеткізді.

«Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен халық­­аралық блок­чейн-конференция ая­сында ҚБКА блокчейн индустриясын ілгерілету жөніндегі Корея ас­со­циация­сымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы меморандумдар аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынты­мақ­тастық құруды қажет деп тапты. Олар қар­жылық технологиялар, жасыл қаржы, актив­терді басқару, инвестициялық краудин­вестинг ортаны дамыту, ICO және крауд­фандинг, блокчейн технологиясы», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»