Парламент жоғарғы Палатасының өткен жылғы заң шығару қызметінің қорытындысы кездесудегі әңгіменің басты тақырыбы болды. М.Көбенов пен Н.Нұрсипатов Президенттің бірқатар өкілеттіктерін заң шығару және атқарушы билік тармақтарына беруді көздейтін конституциялық реформалар туралы әңгімеледі. Ата заңға енгізілген түзетулерге адам құқықтарын қорғау мәселелері де қамтылды, сот жүйесі мен прокуратура қызметінің конституциялық негіздері нақтыланды.
Сенаторлар бірқатар құқықтық актілерге енгізілген әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған өзгерістер туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.
М.Көбенов пен Н.Нұрсипатов кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, Ертіс өңірінде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жетілдірудің келешегін талқылады.